ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Төрағасы тағайындалды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы «Ремстройсервис АС» ЖШС жол жұмысшысынан бастады.

Әр жылдары «ҚазахАвтоДор» РМК жетекші маманы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдарын пайдалану басқармасының бас сарапшысы, ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің Құрылыс және реконструкциялау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚО филиалында, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаментінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2017 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған