Өңірлердегі инфрақұрылымдық объектілерді түгендеу: Ақтау қаласы

Құрылысын саласын цифрландыру шеңберінде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлық дерекқорын – инфрақұрылым объектілерін есепке алу және елді мекенде құрылыс салуды мониторингілеу құралын қалыптастыру жүргізілуде. 

2020-2021 жылдары Ақтау қаласында жалпы 4475,5 га алаңда шағын аудандардың, тұрғын үй алаптарының, өнеркәсіп аймақтарының инженерлік коммуникацияларын түгендеу жүргізілді.

Ағымдағы жылы Ақтау қаласының құрылысы салынған алаңы 667,9 га аумақта түгендеу жұмыстары жоспарланған. Түгендеу жұмыстарын орындау үшін геодезиялық бригадалар жұмылдырылған. Түгендеу кезінде геодезиялық жұмыстар кешенінің нәтижелері бойынша елді мекендердің цифрлық электрондық картасы қалыптастырылады.  

2018 жылдан бастап Шымкент қаласының және алаңы 49,5 мың га 10 облыс орталықтарының құрылыс салынған аумақтарында жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жүзеге асырылды. Көкшетау, Петропавл, Тараз қалаларының инженерлік коммуникацияларын түгендеу толығымен аяқталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған