Өңірлердегі инфрақұрылымдық объектілерді түгендеу: Қызылорда қаласы

Құрылыс саласын цифрландыру шеңберінде инфрақұрылымдық объектілерді есепке алу және елді мекен құрылысының мониторингілеу құралы – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлық деректер қорын қалыптастыру жүргізіліп жатыр.

Өңірлерде жерасты және жерүсті инженерлік коммуникацияларын түгендеу арқылы елді мекендердің цифрлық кадастрлық жоспарларын құру жүзеге асырылады.

2018 жылдан бастап Қызылорда қаласының ауданы 11,01 мың га құрылыс салынған аумағында инфрақұрылымдық нысандарды түгендеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 10,27 мың га алаңда инженерлік коммуникациялар түгенделіп, қала құрылысы кадастрының базасына енгізілді. Ағымдағы жылы Қызылорда қаласының ауданы 744,18 га құрылыс салынған аумағында түгендеу жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған