«Мемқалақұрылыскадастры» РМК жұмыскерлері бизнеспен және құрылыс саласының қатысушыларымен өткізілген кеңеске қатысты

2024 жылғы 5 сәуірде «Мемқалақұрылыскадастры» РМК жұмыскерлері Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ж.Б. Дүбірованың және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.С. Жамбакиннің төрағалығымен бизнеспен және құрылыс саласының қатысушыларымен өткізілген кеңеске қатысты.   

Кеңесте құрылыс саласының архитектурасы, құрылыстағы цифрлық технологиялар, оның ішінде BIM – технологиялар мен оларға көшуге дайындық мәселелері, құрылыс процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді дамыту тұжырымдамасы, ТМС қол жетімді қуаттары бойынша деректер, сондай-ақ «Цифрлық теңге» арқылы бюджет қаражатын мониторингілеу қаралды.       

Кеңес қорытындысы бойынша мәселелерді одан әрі бірлесіп пысықтау үшін хаттамалық тапсырмалары берілді. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған