Мемлекеттік қала құрылысы кадастрына деректерді енгізу және өзектендіру мәселелері бойынша ЖАО және ТМС қатысуымен өткен кеңес

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК 2024 жылғы 19 сәуір мен 10 мамыр аралығында ҚТҮКШІК-пен бірлесіп Шымкент қаласы мен облыстар әкімдіктерінің, әкімдіктердің бейінді облыстық және аудандық бөлімшелерінің, ТМРА өңірлік департаменттерінің, табиғи монополиялар субъектілерінің қатысуымен МҚҚК жүйесін деректермен  толтыру  мәселелері бойынша өңірлік кеңестер өткізуді бастады.

Бүгін Тараз қаласында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ж.Б. Дүбірованың төрағалығымен Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары әкімдіктерінің қатысуымен алғашқы атыраптық кеңесі өтті.

Күн тәртібінде МҚҚК ААЖ-ға деректерді енгізу және өзектендіру бөлігінде заңнамалық түзетулерді түсіндіру; МҚҚК ААЖ арқылы СЖТ, техникалық шарттар беру және нобайлық жобаларды келісу мәселелері; кезекші топографиялық жоспардың деректерін, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің мәліметтерін МҚҚК ААЖ-ға енгізуді мониторингтеу; объектілерді жобалау және пайдалануға қабылдау кезінде геодезиялық ізденістерді есепке алудың жаңа нормативтік талаптары бөлігінде МҚҚК ААЖ-да қызметтер көрсету мәселелері айтылды.

Кеңес барысында өңірлердің мәселелері талқыланып, аталған мәселелерді одан әрі бірлесіп пысықтаудың хаттамалық тапсырмалары берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған