«Мемқалақұрылыскадастры» РМК-да Наурыз мейрамы атап өтілді

Бүгін 2024 жылғы 20 наурызда Наурыз ұлттық мерекесі қарсаңында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК ұжымы бірқатар мерекелік іс-шаралар мен бастамалар ұйымдастырды. Маңызды көктем мерекесін атап өту үшін барлық қызметкерлер жиналды.

Наурыз – қазақтың ежелгі мерекелерінің бірі және көктемнің басталуы мен табиғаттың жандануын біілдіреді.

Кәсіпорнымызда 18 наурыз күні ұлттық киімдер күніне арналған сайыс өткізіліп, ұлттық киімдердің алуан түрлі үлгілері көрсетілді. «Үздік ұлттық костюм»  номинациясы бойынша жеңімпаздар да анықталды.

Мереке барысында дәстүрлі қазақ ойындары, ұлттық билер және флешмоб бойынша жарыстар өтті.

Мерекелік көңіл-күй мен қуаныш сыйлаған түрлі байқаулар  мен ойындар өткізілді. Қызметкерлер өздерінің шығармашылық қабілеттері мен таланттарын көрсетті, ал көрермендер оларды белсенді қолдап отырды. 

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК ұжымы барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаі келе, құт-береке, ырыс пен өркендеу тілейді. Әрбір шаңырақ шаттыққа, көктемгі көңіл-күйге және қуанышқа толы болсын!  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған