«Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛДАРЫ

ПАВЛОДАРДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

АҚТӨБЕДЕГІ ФИЛИАЛЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

ШЫМКЕНТТЕГІ ФИЛИАЛЫ

АҚМОЛАДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

ЖАМБЫЛДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

ҚОСТАНАЙДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

АЛМАТЫДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

ЖЕТІСУДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

ҰЛЫТАУ ФИЛИАЛЫ

АБАЙДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

«МЕМҚАЛАҚҰРЫЛЫСКАДАСТРЫ» РМК ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК филиалдары 17 облыста және 2 қалада: Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Түркістан, Атырау, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейді.

Филиалдар халыққа: мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтерді ұсыну (құрылыс салуға рұқсат беру құжаттамасы, сәулет-жоспарлау тапсырмалары, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттар және т. б.), оның ішінде бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, құрылыс жобалары және олардың регламенттері үшін, келіп түскен өтінімдер бойынша баға прейскурантына сәйкес инженерлік коммуникацияларды түгендеу жөнінде ақылы қызмет көрсетеді.

2018 жылдан бастап елді мекендердің электрондық картасын жасау мақсатында бірқатар өңірлерде (Көкшетау, Павлодар, Шымкент, Петропавл, Ақтөбе, Орал, Тараз, Қызылорда, Өскемен қалаларында) инженерлік құрылыстар мен коммуникацияларды түгендеу және цифрландыру жүргізілуде.

Филиалдар 2018 жылдан бастап елді мекендердің 36,5 мың га құрылыс салынған аумағын түгендеп, цифрландырды. 

2019 жылы, Көкшетау қаласының инженерлік желілері мен коммуникацияларын цифрландыру аяқталды.

2020 жылы 13,2 мың га алаңда аумақтарды түгендеу жүргізілді.

Түгендеу нәтижесінде барлық коммуникациялардың орналасқан жері туралы егжей-тегжейлі мәліметті қамтитын, электронды карта деп аталатын, қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (МҚК ААЖ) геоақпараттық деректер қоры құрылады.

Филиалдар түгендеу жұмыстарымен қатар, заңды және жеке тұлғаларға қала құрылысы кадастрының деректерін ұсыну бойынша кадастрлық қызметтер көрсетеді.

2018 жылдан бастап халыққа және бизнеске аумақтың кадастрлық жоспарларын беру, инженерлік коммуникацияларды түгендеу және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін ұсыну және т. б. бойынша 25 мыңнан астам қызмет көрсетілді. 

«Инженерлік коммуникацияларды түгендеу» қызметін алу үшін «Мемқалақұрылыскадастры» РМК филиалдары жеке және заңды тұлғалардан өтінімдер қабылдайды, бұдан әрі қызметкерлер құжаттардың өзектілігіне, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкестікке тексеру жүргізеді. МҚК ААЖ дерекқорындағы ақпаратты талдағаннан кейін сұратылған жұмыстарды орындау үшін түгенделетін аумақтың шекараларын өзектендіру жүргізіледі.

 

Инженерлік коммуникацияларды түгендеу және құрылыс салынбаған аумақтарда инженерлік-геодезиялық ізденістер кешені бойынша кадастрлық жоспарды дайындау кезінде қызметкерлер жоспарлы-биіктік түсірілім желісінің схемаларын жасайды. Түсірілім желісі нүктелерінің координаттары мен биіктіктері, жерасты коммуникацияларының шығыстары және геологиялық қазбалар есептеледі, жоспарды 1:1000 масштабтан 1:500 масштабқа дейін ұлғайту жүргізіледі. Жерасты коммуникацияларының жоспары жасалады. Жоспарлы – биіктіктегі түсірілім желісінің схемалары сызылады. Осылайша, базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлық деректері қалыптастырылады.

«МЕМҚАЛАҚҰРЫЛЫСКАДАСТРЫ» РМК ФИЛИАЛДАРЫ ОРЫНДАҒАН ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Іс-шаралар
Жұмыс түрлерінің сипаттамасы
1
Мемлекеттік қала құрылыс кадастрын ақпаратпен толтыру
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын есепке алу объектілері болып табылатын деректер тізбесі қала құрылысы кадастры саласындағы Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалар прейскурантына (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 114 бұйрығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 144 бұйрығымен згерістер енгізілді) сәйкес қала құрылысы кадастрының деректер қорын енгізілуге жатады.
2
Мемлекеттік қалалық кадастрдан ақпарат беру
Заңды және жеке тұлғалардың сұратуларына кадастрлық анықтамаларды қалыптастыру және ұсыну – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтері Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалар прейскурантына сәйкес ұсынылады (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 114 бұйрығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 144 бұйрығымен згерістер енгізілді).
3
Қала құрылысы қызметі аумағының кадастрлық жоспарын дайындау
Аумақтың кадастрлық жоспары – картографиялық негізде жасалған және графикалық және мәтіндік нысанда сұратылған мәліметтер көрсетілетін кадастрлық тоқсанның немесе кадастрлық тоқсан шегінде тиісті сұрау салуда көрсетілген өзге де аумақтың тақырыптық жоспары. Қала құрылысы қызметі аумағының кадастрлық жоспарын дайындау түгендеу жұмыстарын жүргізу және алынған түсірілімді камералдық өңдеу үшін кадастр жөніндегі бас маманның баруы арқылы жүзеге асырылады.
4
Инженерлік коммуникацияларды түгендеу
Жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу – бұл инженерлік-геодезиялық ізденістердің ерекше түрі. Инженерлік желілерді түгендеудің мақсаты инженерлік коммуникациялардың барлық объектілерінің (сумен жабдықтау, кәріз, су бұру, электрмен жабдықтау, байланыс, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, көшені жарықтандыру, жол қозғалысын ұйымдастыру) нақты кеңістіктік жағдайы мен негізгі техникалық сипаттамаларын айқындау болып табылады. Түгендеу жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, сондай-ақ «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның шарттық міндеттемелері шеңберінде арнайы жабдықтарды пайдалана отырып, кадастр бойынша бас маманның топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау жолымен орындарға баруы арқылы жүргізіледі.