«МЕМҚАЛАҚҰРЫЛЫСКАДАСТРЫ» РМК-НЫҢ МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Елтай Сағынғалиұлы Дайыров

Филиалдың директоры 

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның Маңғыстаудағы филиалы «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директорының 2020 жылғы 6 наурыздағы №22-ө бұйрығының негізінде құрылды.

Филиал қызметінің мақсаты «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі ретінде Маңғыстау облысының аумағында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның мүдделерін білдіру және қорғауды жүзеге асыру болып табылады.

Филиал «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №114 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мынадай қызметтерді көрсетеді/жұмыстарды орындайды:

мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ақпаратпен толықтыру;

мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер беру (кадастрлық анықтамаларды және кадастрлық жоспарларды);

1:500 масштабтағы кадастрлық жоспарды жасай отырып, инженерлік коммуникацияларды түгендеу.

Заңды мекенжайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23-шағын аудан, 103-ғимарат, 22

Орналасқан мекенжайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23-шағын аудан, 103-ғимарат, 22

Байланыс телефондары: +7 (702) 109-66-67

e-mail: aktau@nationalplan.kz