«МЕМҚАЛАҚҰРЫЛЫСКАДАСТРЫ» РМК-НЫҢ ШЫМКЕНТТЕГІ ФИЛИАЛЫ

Олжас Егізбайұлы Көпжасаров

Филиалдың директоры 

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның Шымкенттегі филиалы «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директорының 2016 жылғы 20 маусымдағы №77-ө бұйрығының негізінде құрылды.

Филиал қызметінің мақсаты «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі ретінде Шымкент қаласында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның мүдделерін білдіру және қорғауды жүзеге асыру болып табылады.

Филиал «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №114 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мынадай қызметтерді көрсетеді/жұмыстарды орындайды:

мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ақпаратпен толықтыру;

мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер беру (кадастрлық анықтамаларды және кадастрлық жоспарларды);

1:500 масштабтағы кадастрлық жоспарды жасай отырып, инженерлік коммуникацияларды түгендеу.

Заңды мекенжайы: Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы, Мәделі Қожа көшесі, 1Г ғимарат

Орналасқан мекенжайы: Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы, Мәделі Қожа көшесі, 1-Г ғимарат

Байланыс телефондары: +7 (7252) 77-98-19

e-mail: uko@nationalplan.kz