ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бүгін Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыруға және жалпы құрылыс саласының жұмысына ықпал ететін жаңа цифрлық алты жоба туралы айтып берді. Қ.Өскенбаевтың айтуынша, құрылыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыспен салынып жатқан нысандар бойынша барлық деректер (құрылыс материалдары мен жұмыс кестесін қоса...
Елімізде 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 6,6 млн м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді
Бұл 56 мың баспана. 2021 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі барлық өңірде ұлғайды. Атырау (188,1%), Қостанай (120,9%), Жамбыл (114,9%), Шығыс Қазақстан (110,5%) және Қарағанды (110%) облыстары көш басында. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында биыл 17 млн м2 жаңа тұрғын үй немесе 163 мың баспана салу жоспарланып отыр. Оның ішінде мемлекеттік...
ҚР ИИДМ Астрахань облысы әкімшілігімен ынтымақтастықты дамытуда
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Нұр-Сұлтанда РФ Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және өзара қызығушылық бар салаларда әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен РФ Астрахань облысымен шекаралық ынтымақтастығы өнеркәсіп, сауда, туризм, медицина және білім беру сияқты көптеген бағыттарда қалыптасқан. Екі...
ҚР ИИДМ: өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласында өсім бар
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында 2021 жылдың 4 айының қорытындысы туралы баяндады. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 107,7% құрады. Қазақстанда 2021 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісі көлемі 100,8% болды. 12 өңірде оң динамика сақталды. Машина жасау саласы: өндіріс көлемі тұрақты түрде артып келеді. Өткен жылмен...
SKYALRK – 1LEX ұшқышсыз ұшу жүйелері Қазақстанда жинала бастады
SKYALRK-1LEX ұшқышсыз ұшу жүйелерін құрастыру желісі және ұшу аппараттарына сервистік қызмет көрсету орталығы "Қазақстандық авиациялық индустрия" ЖШС ("ҚАИ" ЖШС) базасында құрылды. Кеше, 2021 жылдың 5 мамырында салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа өндірісті іске қосу салтанатты рәсіміне ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Қарулы Күштері, Ұлттық қорғаныс...