«ТМД елдерінің шекара маңы аумақтарын дамыту тетіктерін қалыптастыру» конференциясы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ұйымдастыруымен Достастық елдерінде жарияланған Сәулет және қала құрылысы жылы аясында 2021 жылғы 21 қыркүйекте «ТМД елдерінің шекара маңы аумақтарын дамыту тетіктерін қалыптастыру» тақырыбында онлайн форматта конференция өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты – Достастық елдерінің шекара маңы өңірлерін аумақтық дамытудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру және бірлескен қала құрылысы шешімдерін іске асыру үшін қала құрылысы кадастры құралын қолдану.

Конференцияға ТМД атқарушы комитетінің, БҰҰ даму бағдарламасының, ТМД елдерінің мемлекеттік органдарының: Ресей Федерациясының Құрылыс және ТКШ министрлігінің, Әзірбайжан Республикасының Қала құрылысы және сәулет жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігінің, сондай-ақ Армения Республикасының Қала құрылысы комитетінің, Беларусь Республикасы Қалалық Аатқару комитетінің сәулет және қала құрылысы комитеті, Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері, сондай-ақ, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік құрылыс жанындағы Мемлекеттік қала құрылысы және сәулет жобалау институты, Құрылыстағы инженерлік ізденістер, геоинформатика және қала құрылысы кадастрының мемлекеттік жобалау ғылыми-зерттеу институты («УзГАШКЛИТИ» МУК, Өзбекстан Республикасы), «Минск қалалық инжинирингтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік кәсіпорны (Беларусь Республикасы) қатысты.

Конференцияны ашқан ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Т.Д. Қарағойшин ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы тұжырымдамасына сәйкес қала құрылысы құралдарын қолдану арқылы шекара маңындағы аумақтарды дамыту тетіктерін құру қажеттігін атап өтті.

Баяндамашылар аумақтық жоспарлаудың табиғи-экологиялық және экономикалық аспектілері, Сочи қаласының Адлер ауданы мысалында қала құрылысында типтік құрылыстық әдісін қолдану, Тәжікстан астанасының жаңа бас жоспары шеңберінде Душанбе қаласын дамытудың заманауи қала құрылысы шешімдері туралы өз жобаларын ұсынды.

Құрылыстағы инженерлік ізденістер, геоинформатика және қала құрылысы кадастрының мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты 2006 жылдан бері қалыптасып келе жатқан Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геопорталын ұсынды.

Қазақстан тарапынан Халықаралық сәулет академиясының профессоры Чиканаев А.Ш., «Астана» ХҒК география және табиғатты пайдалану институтының директоры профессор Акиянова Ф.Ш., Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі, «ГРАДО» жобалау фирмасы» ЖШС директоры Маметов А.А. баяндама жасады, «Астана бас жоспары ҒЗЖИ» ЖШС және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Т.Т. Мусабаев қала құрылысы міндеттерін бірлесіп шешу тетігі ретінде шекара маңындағы аумақтарды өңірлік дамытудың мемлекетаралық схемаларын әзірлеу туралы ұсыныс жасады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу ерекшеліктерімен таныстырды.

Қатысушылар пікір алмасып, байланыс орнатты. Конференция қорытындысы бойынша аумақтарды жоспарлаудың ұтымды шешімдерін әзірлеу үшін сәулетшілер, қала құрылысшылар және кадастр мамандары деңгейінде жұмыс платформасын құру ниетімен қарар жобасы әзірленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған