«Мемқалақұрылыскадастры» РМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша түсіндірме әңгімелер өткізілді

Ағымдағы жылғы 22 қараша мен 23 қараша аралығында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша кәсіпорын жұмыскерлері үшін түсіндіру әңгімелері өткізілді. Әңгімелесу барысында жұмыскерлер кәсіпорынның комплаенс-қызметінің жұмысымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты реттейтін кәсіпорынның ішкі құжаттарымен танысты.    

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК қызметкерлері GIS Day Kazakhstan халықаралық конференциясына қатысты

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК қызметкерлері ағымдағы жылғы 18 қарашада халықаралық GIS күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған GIS Day Kazakhstan халықаралық конференциясына қатысты. Конференция ГАЖ саласындағы білім, тәжірибе және озық әзірлемелермен алмасу үшін геоақпараттық жүйелер саласындағы пікірлестердің алаңына айналды.   Конференцияда басқарушылық шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ететін салалық геоақпараттық жүйелерде цифрлық кеңістіктік деректерді...