«Мемқалақұрылыскадастры» РМК қызметкерлері GIS Day Kazakhstan халықаралық конференциясына қатысты

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК қызметкерлері ағымдағы жылғы 18 қарашада халықаралық GIS күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған GIS Day Kazakhstan халықаралық конференциясына қатысты.

Конференция ГАЖ саласындағы білім, тәжірибе және озық әзірлемелермен алмасу үшін геоақпараттық жүйелер саласындағы пікірлестердің алаңына айналды.   

Конференцияда басқарушылық шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ететін салалық геоақпараттық жүйелерде цифрлық кеңістіктік деректерді пайдалану мәселелері мен перспективалары талқыланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған