Құрылыс саласының Қазақстандық форумы: Құрылыс кодексі – Болашақтың құрылысы

2023 жылғы 27 қазанда «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директоры                        Т.Т. Мусабаев Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен Қазақстан құрылыс саласы қауымдастығымен бірлесіп Ұлттық инновациялар және кәсіпкерлік орталығы ұйымдастырған Құрылыс саласының Қазақстандық форумына қатысты.

            Форумның негізгі тақырыбы – Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексін әзірлеу. Форум алаңдарында құрылыс саласының жетекші мамандары мен сарапшыларының, сондай-ақ құрылыс салушылар мен құрылыс материалдарын өндірушілердің ұсыныстарын талқылау және Кодекс жобасына енгізу үшін жеке сараптамалық алаңдар ұйымдастырылды.

Талқылаудың бұл форматы тәжірибе, идеялар мен білім алмасудың, сондай-ақ өзекті мәселелерді шешудің және бизнес мүдделерін ескерудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған