ҚР ИИДМ: энергия үнемдеу үрдістері, қорытындылар, жобалар

Халықаралық энергетика агенттігінің хабарлауынша, COVID-19 пандемиясының салдарынан энергияға деген сұраныс Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері ең жоғары болды.

Төтенше жағдай туралы хабарландыру және енгізілген оқшаулау тәртібі қазіргі қоғамның энергия ресурстарына қаншалықты сенетінін көрсетті. Осылайша, энергия сыйымдылығын қысқарту, энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу адам өмірінің барлық салаларын жаңғыртуды қамтитын әлемдік экономиканың елеулі трендіне айналып келеді.

Ел басшылығы 2025 жылға қарай экономиканың энергия сыйымдылығын 25%, 2050 жылға қарай 50% төмендету міндетін қойды. ҚР Президенті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандық энергетика мен экономиканы «көгалдандыру» қажеттілігін атап көрсетеді.

ҚР ИИДМ биыл бұл бағытта қандай жұмыстарды аяқтайды

Биыл Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын іске асыру аяқталады. Оның шеңберінде 96 әлеуметтік нысанды (мектептер, ауруханалар, балабақшалар) жаңғырту жоспарланған. Қазіргі таңда 83 нысан жаңғыртылды. Қалған 13 нысан бойынша энергия аудиті аяқталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарланған немесе аяқталу кезеңінде.

Жобаның жалпы құны – 21,7 млн АҚШ доллары. Тауарлар мен жұмыстардағы жергілікті қамту үлесі 85% құрады. Жаңғырту кезеңінде екі мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жобаны іске асырудың тиімділігі -энергия ресурстарын 20% үнемдеуде. Жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі оның ауқымын кеңейту мәселесін пысықтауда.

Осы жылы ҚР ИИДМ «Даму» қорымен бірлесіп, БҰҰ Даму бағдарламасымен ынтымақтастық шеңберінде 3 млн АҚШ доллары сомасына энергиялық тиімді жобаларды қаржылық қолдау тетігін іске қосады. 

Сондай-ақ, БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жаңа жобаны бастауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл – екінші деңгейдегі банктердің жабдықтарды жаңғыртуға энергия сервистік компанияларға беретін несиелеріне кепілдік беруге бағытталған (қарыз сомасының 80%-на дейін) 3,5 млрд теңге сомасына байланысты грант (РБ – 2,3 млрд теңге, БҰҰДБ – 1,2 млрд теңге).). Кепілдендіру тетігін 2021 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Іске асырылған жобалар

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың 16 өңірлік жоспары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» және еншілес компанияларының энергия үнемдеу бағдарламасы іске асырылды.

Энергия үнемдеу жүйесінің екі негізгі элементі құрылды және жұмыс істейді. Бұл – мемлекеттік энергетикалық тізілім (МЭТ) және энергия тиімділігі картасы.

Бүгінгі таңда МЭТ субъектілері 1,5 мыңнан астам энергия аудитін жүргізді. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларға шамамен 300 млрд теңге инвестиция салынды. Оларды іске асырудың алғашқы жылының өзінде 78 млрд теңге үнемделді.

Энергия үнемдеу саясатының екінші түйінді құралы – энергия тиімділігі картасы. Ол – Қазақстанда жеке энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру жөніндегі міндетті шешеді (Ұлт жоспарының 59-қадамы) және инвесторларды тартудың негізгі құралы. Карта аясында 149 жоба, оның ішінде ЭСКО/МЖӘ тетігі арқылы 45 жоба іске асырылып жатыр.

Қазақстанның көптеген қалалары мен елді мекендерінде көшені жарықтандыру жүйелері ескірген және жаңғыртуды қажет етеді. Осы орайда «Ақылды қалалар» құру бойынша жұмысы басталды. 13 қала толығымен жарықдиодты жарықтандыруға ауыстырылды. Қазақстанның 87 қаласында көше жарығын жаңғырту аясында 600 мыңнан астам жарықдиодты нүкте орнатылды.

***

Қазақстан бірқатар объективті себептерге байланысты ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығының жоғары көрсеткішіне ие: күрт континенталды климат, аумақтың кеңдігі, ұзақ электр беру желілері мен мұнай-газ құбырлары, арзан энергия ресурстары.

Энергия үнемдеу саясатын жоспарлы іске асыру елеулі әлеуметтік-экономикалық тиімділік беріп, энергетикалық орнықтылықты қамтамасыз етеді. Алайда бизнес пен жалпы қоғамның күш-жігерін біріктіруді талап етеді.

Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған