Қазақстанда сатып алынған үш көліктің екеуі – отандық көлік

Елімізде бір жылда 75 мың көлік шығарылды. Оған барлық типтегі көлік құралдары: автомобильдер, жүк көліктері, автобустар, арнайы техникалар кіреді.

Жалпы, машина жасау саласындағы автомобиль шығару секторының үлесі 2019 жылғы 26,3% болса, 2020 жылы 33,4%-ке жетті.

Өңдеу өнеркәсібінде автомобиль жасау үлесі 4,6% дейін өсті (2019 жылы-3,2%).

Жақын шетелдерге 8 122 автомобиль экспортталды. Бұл арғы жылдың көрсеткішінен 3 есе көп. Оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Қырғызстанда Қазақстанда шығарылған Hyundai, Chevrolet және JAC брендтеріне сұраныс жоғары.

2020 жылы еліміздің азаматтары 93 мыңнан астам жаңа техника сатып алып, арғы жылдың көрсеткішінен 25% асып түсті (75 156).

Осы ретте елімізде сатып алынған үш автомобильдің екеуі отандық өндіріс өнімі екенін айту керек.

Өткен жылғы ең танымал брендтер Hyundai, Chevrolet және Toyota болды. Ең танымал бес брендтің төртеуі отандық өндіріс өнімі (Hyundai, Chevrolet, Ravon және Lada).

2020 жылы автомобиль өнеркәсібінде қол жеткізілген табысты көрсеткіштерге Үкімет пен Министрлік тарапынан қабылданған және отандық зауыттар іске асырған нақты шешімдер оң әсер етті.

Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған