«Мемқалақұрылыскадастры» РМК құрылғалы 26 мыңнан астам қызмет көрсетті

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК өңірлік филиалдары жеке және заңды тұлғаларға 2016 жылдан бастап 26 мыңнан астам қызмет көрсетті. Оның ішінде биылғы қаңтар-ақпан айларында аумақтың кадастрлық жоспарларын беру, инженерлік коммуникацияларды түгендеу, қала құрылысы кадастры мәліметтерін ұсыну бойынша 450-ге жуық өтінім қабылданды.

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК өңірлік филиалдары халыққа: мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтерді жинау, өңдеу, енгізу және ұсыну (құрылыс үшін рұқсат беру құжаттамасын, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беру үшін және т.б.), оның ішінде бас жоспарларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын және олардың регламенттерін әзірлеу және іске асыру, келіп түскен өтінімдерге сәйкес инженерлік коммуникацияларды түгендеу үшін кадастрлық қызметтер көрсетеді.

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК және оның өңірлік филиалдары 12 өңірде: 2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында, 2016 жылдан Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс істейді. Биыл Қарағандыда филиалы ашылды. Алматы, Түркістан, Қостанай және Атырау облыстарында өңірлік филиалдарды ашу мүмкіндіктері қарастырылуда.

«Өңірлерде филиалдық желіні дамыту қала құрылысы кадастрының базалық деңгейін жедел қалыптастыру және жергілікті жерлерде халық пен бизнеске қызмет көрсететін, тиімді жұмыс істейтін құрылым жасау мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді. Түгендеу жүргізу және кадастрлық қызметтер көрсету шамасына қарай өңірлердің қала құрылысы кадастрының деректер қоры өзектендіріледі», дейді «Мемқалақұрлыскадастры» РМК Бас директоры Мұсабаев Тұрлыбек Түрікпенұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған