Елімізде 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 6,6 млн м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді

Бұл 56 мың баспана. 2021 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі барлық өңірде ұлғайды. Атырау (188,1%), Қостанай (120,9%), Жамбыл (114,9%), Шығыс Қазақстан (110,5%) және Қарағанды (110%) облыстары көш басында.  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 17 млн м2 жаңа тұрғын үй немесе 163 мың баспана салу жоспарланып отыр. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен – 1,4 млн м2 тұрғын үй немесе 48,3 мың пәтер салынады.  «Нұрлы жер» бағдарламасының мақсаты – баспананың қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту. Ол үшін келесі тетіктер қолданылады: * ипотекалық тұрғын үй қарыздарын субсидиялау, * құрылыс салушылардың қарыздарын субсидиялау, * құрылыс учаскелеріне инженерлік-техникалық инфрақұрылым тарту, оның ішінде – жеке құрылысқа арналған аудандар да қамтылады.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған