Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке мыңдаған сәулетші, қала құрылысшы мен жобалаушыларды, инженерлерді және Қазақстанның құрылыс кешенінің барлық қызметкерлерін біріктіреді. Құрылысшылар еңбегі – бұл халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және елдің тұрақты дамуына бағытталған тынымсыз еңбек.
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК Қазақстан үшін алғаш рет
2010 – 2021 жылдар аралығында аумақтық жоспарлау және Қазақстанның қала құрылысы стратегиясын қалыптастыру жобаларының циклын әзірлеп бекітті: «Қазақстан Республикасының аумағын 2030 жылға дейін ұйымдастырудың бас схемасы» және оның Негізгі ережелерін іске асыратын агломерациялар мен макроөңірлерді аумақтық дамытудың өңіраралық схемалары; объектілерді (құрылыстарды, коммуникацияларды) орналастыруды есепке алу және қала құрылысы жобаларын іске асыруды мониторингілеу құралы ретінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын» жасап, өнеркәсіптік пайдалануға енгізді.
Бүгінде біз мемлекеттің құрылыс саласын одан әрі жаңғырту, инфрақұрылымдық жобаларды жасау, тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту жөніндегі жаңа ауқымды міндеттерін іске асырып жатырмыз.
Алға қойған жоспарлар іске асырылып, кәсіби жетістіктеріңіз шыңдала берсін! Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, болашаққа деген нық сенім, сәттілік пен табыс тілеймін!
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директоры Т. Мусабаев