«Мемлекеттік қалалық кадастр» ААЖ 2025 жылға қарай ел аумағын толық цифрландырады

Цифрлық қала құрылысы кадастрының дерекқорына елді мекендердің құрылыс салынған аумағындағы инженерлік коммуникацияларды түгендеу барысында алынған цифрлық деректердің 58%, сондай-ақ бекітілген қала құрылысы жобалары мен регламенттері (бас жоспарлар және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары) туралы мәліметтер енгізілді.

2025 жылға дейін ел аумағының 42% аудан орталықтары деңгейіне дейін цифрландыру жоспарланып отыр.

Кадастрлық қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін 2020 жылы ҚР ИИДМ инфрақұрылымдық деректердің бірыңғай геопорталын - МҚҚК ААЖ цифрлық деректерінің ашық контурын іске қосты. Геопорталды дамыту орталық мемлекеттік органдардың барлық салалық ақпараттық жүйелерін, жергілікті атқарушы органдардың геопорталдарын, салалық кадастрлық және басқа да инфрақұрылымдық қызметтер жүйелерін, сондай-ақ инфрақұрылымдық деректермен жұмыс істеу үшін табиғи монополиялар субъектілерін интеграциялауды көздейді.

МҚК ААЖ одан әрі дамыту объектілерді жобалау, салу, пайдалану және кәдеге жарату, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл процесін мониторингтеу үшін қажетті функционалдарды іске асыруды көздейді.

Осылайша, қала құрылысы кадастрының бірыңғай базасының жұмыс істеуі инфрақұрылымдық деректерді үздіксіз жаңартуды және аумақты салу кезінде жаңа объектілер құрудың "цифрлық ізін" тіркеуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі - сумен жабдықтау, кәріз, су бұру, электрмен жабдықтау, байланыс, газбен және жылумен жабдықтау, көшені жарықтандыру, жол қозғалысын ұйымдастыру желілері және басқа да объектілер бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін цифрлық деректермен қамтамасыз ету құралдарының бірі.

Жүйе "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілерінің жерүсті және жерасты коммуникациялары туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, тіркеуді, сақтауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған