Байланыс үшін:

Телефон:

+7(7172)50-24-60

E-mail:

tmusabaev@nationalplan.kz

ТҰРЛЫБЕК ТҮРКПЕНҰЛЫ МҰСАБАЕВ

Бас директоры

Білім

Туған күні: 01.03.1967

 

Туған жері: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

 

Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын 

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Қазақ химия-технологиялық институты (Шымкент қаласы, 1989), Инженер-құрылысшы

Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс институты (1995), Аспирантура, Докторантура  

Сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер жөніндегі сарапшы (мамандану – Қала құрылысы, Құрастыру, Жобаның арнайы бөлімдері)  

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

Техника ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Темірбетон қабықшалары мен пластиналарын есептеудің сызықтық емес теориясы» (1999);

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (2010); 

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының толық мүшесі (академигі) (2017).

Жұмыс өтілі

Институттың ғылыми кеңесінің шешімі бойынша Қазақ химиялық-технологиялық институтында оқытушы (1989);

Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс институтының тағылымгері-зерттеушісі, ассистенті, аспиранты, докторанты және жетекші ғылыми қызметкері (1991-2000);

Қазақстан Президентінің бастамасын іске асыру шеңберінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне (ЕҰУ) шақырылды және Құрылыс кафедрасының профессоры лауазымына ауыстырылды (2000);

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жаратылыстану-техникалық институты директорының орынбасары, директоры (2001-2002);

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Құрылыс» кафедрасының профессоры (2002-2004);  

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Сараптама институтының директоры (2004-2006);

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК («Мемсараптама» РМК) Астанадағы филиалының директоры (2006-2010);

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» РМК («ҚазҚСҒЗЖИ» РМК) Астанадағы филиалының директоры (2010-2014);

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» РМК («Мемқалақұрылыскадастры» РМК) Бас директоры (2015 — қазіргі уақытқа дейін).

Қосымша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Еуразия технологиялық институтының директоры және «Құрылыс» кафедрасының профессоры. 

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы қызметі үшін» төсбелгісі (2003),

 

2008 жылдың «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының лауреаты (2009),

 

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011),

 

«Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төсбелгісі (2012), 

 

«Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін» Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2012),

 

«Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлегені үшін» құрмет граматосы (2013),

 

«Қазақстанның құрметті сәулетшісі» төсбелгісі (2016),

 

«Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016),

 

«Үздік аумақтық жоспарлау схемасы» дипломы (1-орын) (Мәскеу, 2016, 2017, 2019, 2020),

 

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2018 жыл),

 

«Үздік қалалық округтің (қалалық елді мекеннің, ауылдық елді мекеннің (іске асырылған) бас жоспарының жобасы» дипломы (1-дәрежелі) (Мәскеу, 2022),

 

«Қалалық округтің (қалалық елді мекеннің, ауылдық елді мекеннің (іске асырылған) бас жоспарының үздік жобасы» Ұлттық жобалық менеджменті жетілдіру конкурсының «Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша сертификаты (Алтын жүлде). Квазимемлекеттік сектор: «Мемқалақұрылыскадастры» РМК (Астана, 2022)

 

Жоғары кәсібилік үшін тауарлар мен қызметтер сапасының ұлттық рейтингінің «Сапа жұлдызы» ордені (2023).  

Ғылыми, нормативтік еңбектері, жарияланымдары:


280-нен астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 2 монографияның, ҒЖБМ белгісі бар 1 оқулықтың, құрылыс бойынша 4 оқу құралының, қала құрылысы бойынша 6 ақ кітаптің, 9 енгізу актісінің, 12 авторлық құқық куәлігінің, 2 рефераттық жинақтың, 2 анықтамалықтың, әлеуметтік маңызы бар объектілер құрылысының 60-тан астам үлгілік жобаларының авторы, құрылыс саласында 6 заң жобасын, 23 нормативтік құқықтық актілерді, 25 нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге қатысты.


Сызаттарды, серпімді емес сипаттарды және материалдардың сырғыштығын ескере отырып, әртекті денелерді (білік жүйелері, пластиналар мен қабықшалар) және бұрғылау ұңғымаларын есептеудің математикалық эквивалентті моделі құрылды;

Эквивалентті конструкция үшін оның деформацияларын сызықтық емес модельдің ұқсас деформацияларымен салыстыру арқылы интегралдық қатынастарды алудың жаңа принципі ұсынылды;

 

Критикалық жүктемелерді анықтау үшін олардың түрленген күйін қарастыру негізінде мұндай жүйелердің тұрақтылығын жоғалту өлшемшарты тұжырымдалды, мұндай есептерді шешу алгоритмі және оның компьютерлік бағдарламалық жасақтамасы жасалды; құрылымның бойындағы сызықтық еместіктің әртүрлі әсерлері сандық түрде зерттеліп, анықталды.

 

Композиттік жүйелерді есептеудің сызықтық емес теориясы Ресей мен Қазақстандағы бірқатар бірегей объектілердің тірек конструкцияларының уақыт өте келе деформациялану мен жойылу процесін анықтауға мүмкіндік берді: Санкт-Петербургтағы «Сенная площадь» метро станциясының жерүсті вестибюлі күнқағарының көтеруші конструкциясының құлауы, Астана қаласының №17 ОМ спорт залының жаңа ғимараты жабыны конструкциясының құлауы. Сондай-ақ бірқатар арнайы объектілердің (Курск қаласындағы Атом электр станциясы, Алматы қаласының әуежайындағы Жолаушылар терминалы, Қазақстан Үкіметінің үйі және 80-нен астам басқа да  объектілер) өнеркәсіптік қауіпсіздігіне ғылыми негізделген сараптама жүргізілді.

 

19 жылдан астам бірегей өндірістер мен объектілердің қауіпсіздік сараптамасын ғылыми-технологиялық сүйемелдеу орындалып, Қазақстанда 70-тен астам бірегей объектілердің: «Қазақ Елі» монументінің, «Қазақстан» киноконцерт кешенінің, Республикалық велотректің және т.б. жаңа инновациялық шешімдері ұсынылды. 

 

Үлестері және жетістіктері: 


Мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау мен кадастрдың бірыңғай жүйесі қалыптастырылды. Еліміздің 2030 және 2050 жылдарға дейінгі қала құрылысын дамыту құжаттары: елдің ұзақ мерзімді кеңістіктік дамуын көздейтін аумақты ұйымдастырудың бас схемасы, сондай-ақ халықаралық тәжірибені есепке алумен, оның ережелерін егжей-тегжейлі ашатын Орталық, Оңтүстік, Батыс макроөңірлерін, Алматы, Шымкент, Ақтөбе агломерацияларын аумақтық дамытудың өңіраралық схемалары әзірленіп, енгізілді.

 

Мыналар: 

 

қазақстандық заңнамадағы «агломерация» термині;

аумақты ұйымдастыру мен пайдалануды кешенді бағалау әдістемесі; 

аумақтарды экономикалық мамандандыру түрлері және оларды басым пайдалану бойынша жіктеудің бірыңғай әдістемесі; 

агломерация мен агломерацияның әсер ету аймағына кіретін елді мекендердің шекараларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар алғаш рет әзірленіп, енгізілді.

 

Жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым объектілерін кадастрлық есепке алудың цифрлық жүйесі – өңірлердің аумағында объектілерді орналастыруды есепке алу және мониторингілеу құралы ретінде мемлекеттік қала құрылысы кадастры қалыптастырылды.

 

Қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МҚК ААЖ) инженерлік коммуникацияларды түгендеу есебінен елдің құрылыс салынған аумағының 70%-дан астамының (аудан орталығы деңгейіне дейін) цифрлық деректерін қамтиды, 200 Бас жоспар мен 750 ЕТЖЖ бірыңғай стандартқа келтірілді және ЕТЖЖ цифрландырылды. 

 

Бизнестің инфрақұрылымдық деректерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету және оларды үздіксіз өзектендіру үшін бірыңғай инфрақұрылымдық деректер геопорталы – қала құрылысы кадастры жүйесінің ашық геопорталы – МҚК (БИДГ) ААЖ  іске қосылды.

 

Қала құрылысы кадастрын цифрлық трансформациялау, қала құрылысында, қала құрылысы сараптамасы институты, құрылыс саласында on—line есепке алу мен тіркеудің жаңа стандарттарын әзірлеу мен енгізу жүзеге асырылуда. 

2018 жылы білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялауды қамтамасыз ету үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де бакалавриаттың «6B07314  Қала құрылысын жоспарлау және кадастр (инновациялық)» жаңа мамандығы және «Мемқалақұрылыскадастры» РМК базасында оқыту енгізілді. 2021 жылы алғашқы 20 білікті маман бітіріп шықты.