Байланыс үшін:
Телефон:
+7(7172)50-24-60
E-mail:
a.ospanov@nationalplan.kz
Оспанов Алпамыс Есентаевич
Бас директордың орынбасары
Білім
Туған күні: 1994 жылы 7 тамызда туылған
Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
2016 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің географиялық факультеті.
2023 жылы «Тұран-Астана» университетін техникалық ғылымдар магистрі дәрежесі.
Еңбек өтілі
Еңбек жолын 2013 жылы студент кезінде «Стройбетон-Астана» бетон зауытында зертханашы қызметінен бастаған.
2018 жылдан бастап мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында еңбек етіп келеді. Жоспарлы-картографиялық негізді цифрландыру бөлімінің технигі қызметінен бастап, «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директорының орынбасары лауазымына дейін кәсіби өсу жолынан өтті.
2018–2020 жылдары жоспарлы-картографиялық негізді цифрландыру бөлімінде техник және жетекші маман қызметтерін атқарды.
2020 жылы – геоақпараттық жүйелер бөлімінің бас маманы.
2020 жылғы маусымнан 2021 жылғы тамызға дейін – жоспарлы-картографиялық негізді цифрландыру бөлімінің басшысы.
2021 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы қаңтарға дейін – ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы.
2024 жылғы ақпаннан қазанға дейін – процестерді автоматтандыру бөлімінің басшысы.
2024 жылғы қарашадан 2026 жылғы наурызға дейін – «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Ақпараттандыру және цифрландыру басқармасының басшысы.
2026 жылғы сәуірден бастап – «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директорының орынбасары.
Кәсіби қызметі аясында мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық деңгейін және Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорларын қалыптастыруға тікелей қатысты.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу, ақпараттық жүйені дамыту және түрлендіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 89 қаласында жүйе арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жұмыстарын үйлестірді.
Мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополия субъектілерімен, әзірлеушілермен және мердігер ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қатысты. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу процестеріне жасанды интеллект және компьютерлік көру технологияларын енгізу бастамасын көтеріп, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіреді.
Қызметінің негізгі бағыттары:
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК өңірлік филиалдарын дамыту, мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу процестерін цифрландыру және автоматтандыру, сондай-ақ Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінің сервистерін өңірлерде дамыту және енгізу мәселелеріне жетекшілік етеді.
Қала құрылысы деректерін қалыптастыру және өзектендіру, ведомствоаралық интеграцияларды дамыту және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жұмыстарын үйлестіреді.
Қызметінің жеке бағыты – қала құрылысы ақпаратын автоматтандырылған бақылау, өңдеу және талдау мақсатында жасанды интеллект, компьютерлік көру, ұшқышсыз авиациялық жүйелер және кеңістіктік талдау технологияларын енгізу.
Кадр резерві:
2025 жылғы қазаннан бастап Астана қаласының Өңірлік кадр резервінің мүшесі (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның 2025 жылғы 24 қазандағы № 25-42-6.4 шешімі).
Біліктілікті арттыру және кәсіби құзыреттер:
Келесі бағыттар бойынша оқудан өтіп, сертификаттар алған:
«Ұлттық жасанды интеллект платформасы»;
«Ақпаратты техникалық қорғау»;
«Мемлекеттік басқарудағы GR институты»;
«Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін реинжинирингтеу әдістемесін практикалық қолдану»;
«IPMA стандарты бойынша жобаларды басқару»;
«Цифрлық қауіпсіздік офицері»;
ArcGIS Desktop және басқа да бағыттар.
Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану саласында тиісті даярлықтан өткен.
Ғылыми қызметі:
10-нан астам ғылыми мақала мен жарияланымның авторы және бірлескен авторы.
Марапаттары:
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының, сондай-ақ «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директорының құрмет грамоталарымен марапатталған.
