Құрылыс саласындағы ынтымақтастық жөніндені Үкіметаралық кеңестің XLIV отырысы

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Т.Т. Мусабаев Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қазақстандық делегациясының құрамында 2023 жылғы 5-6 желтоқсан аралығында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңестің XLIV отырысына қатысты. 

 

Іс-шараға Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан Республикасының,  Ресей Федерациясының және құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Отырыста қазіргі жағдайда ТМД-ның шарттық-құқықтық базасын дамытудың өзекті мәселелері, мемлекетаралық құрылыс нормалары мен қағидаларын әзірлеу және қолдану үшін құқықтық негіз құрудағы ынтымақтастық, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құрылыс қызметінде баға белгілеу тұжырымдамасының жобасымен жұмыс істеу, құрылыс тауарлары мен қызметтерінің бірыңғай нарығын құру және т. б. мәселелер талқыланды.

Үкіметаралық кеңес отырысында Отырыс төрағасы – Беларусь Республикасының Сәулет және құрылыс министрі Р.В. Пархамович алғы сөз сөйлеп, өзекті экономикалық міндеттерді шешу үшін Үкіметаралық кеңес шеңберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А. А. Сивак өз сөзінде құрылыс саласының ТМД кеңістігіндегі экономикалық тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

ТМД бас хатшысы С.Н. Лебедев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Үкіметаралық кеңес шеңберіндегі ынтымақтастығының негізгі бағыттарымен бөлісті.   

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Т.Т. Мусабаев «Қазақстан Республикасындағы аумақтарды басқарудың цифрлық құралы» тақырыбында баяндама жасап, аумақтарды кешенді басқарудың бірыңғай цифрлық құралы ретінде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын дамыту туралы айтып берді.

Отырыс барысында Үкіметаралық кеңес мүшелері мыналарды:

құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңестің сыйлықтарын – «Үздік сәулет-құрылыс шешімі үшін» медалін тағайындауды;

Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетіне құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кадрларын даярлау, кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы мәртебесін беруді;

Үкіметаралық кеңестің, Үкіметаралық кеңес жанындағы базалық ұйымдар мен комиссиялардың 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;

Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңес жанындағы Құрылыс қызметіндегі баға белгілеу жөніндегі комиссияның төрағасы ретінде «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының Астана филиалының директоры – А. А. Хасенді тағайындау туралы шешім қабылдауды талқылады.     

Іс-шара бірқатар мәселелерді шешуге, қатысушылар арасында халықаралық тәжірибе алуға, сондай-ақ ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасуға ықпал етті.   

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған