Q88 Қазақстан урбанистер қауымдастығы қалалардың кешенді құрылысының стандартын талқылады

Q88 Қазақстанның урбанистер қауымдастығы қалалардың кешенді құрылысының стандартын талқылады. Спикерлер кәсіби қоғамдастықтар мен бастамашыл азаматтық топтардың стандартты іс жүзінде қолдануы төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.

Стандарт әдістемелік құжат түрінде ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетімен әзірленген. Жалпы 6 кітап және 4 каталогтан құралған. Аталған құжат қалалық жерде өмір сүру ортасы мен тұрғын үйге қатысты, сонымен бірге көше параметрлерінен бастап жеке пәтерлерді жоспарлауға дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтиды.

Таныстырылым барысында қалалық жерде жайлы өмір сүру ортасы мен құрылыс барысында жаңа тәсілдерді дамыту, қала құрылысы регламенттерін нақты сақтау, әлеуметтік, экологиялық және инфрақұрылымдық проблемаларды болдырмау қажеттілігі де атап өтілді.

Айта кетерлігі, стандартты әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директорының орынбасары Қ.Молдағалиева, Комитеттің ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі Н.Досаев және басқалар бар.

Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған