Халықаралық тәжірибені ескере отырып, кешенді қала құрылысының жаңа стандарттары енгізілетін болады. Стандарт бос учаскелерде жаңа құрылыс кешендерін салу, бар құрылысты қайта құру және қала аумағын абаттандыру мәселелерін қамтиды. Құрылыс үрдісі тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығы сияқты қағидаларды ескере отырып, жүзеге асырылатын болады. Бас және егжей-тегжейлі жоспарларды сапалы әзірлеуді, сонымен бірге оларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін...
ҚР ИИДМ тұрғын үй саясаты саласында бірқатар жаңалықтар енгізуді ұсынады
Соңғы 10 жыл ішінде баспанасы болмаған барлық азаматқа тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тұру құқығын беру қарастырылады. ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заң жобасының тұсаукесері өтті. Құжаттың тұжырымдамасын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев таныстырды. Заң жобасы...
ҚР ИИДМ: Ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі интерактивті картаға жаңа функциялар енгізілді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі интерактивті картаға өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, картаға азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (Е-өтініш) арқылы халықпен кері байланыс орнатуға арналған жаңа функциялар қосылды. Естеріңізге сала кетейік, ауылдарды сумен қамтамасыз ету деңгейін мониторингілеу үшін Министрлікпен тұрғындарға қолжетімді интерактивті карта әзірленген...
1 наурызда шағын бизнес үшін аяқ киімнің қалдықтарына таңбалау кодтарын тегін басып шығару науқаны басталады
2022 жылғы 1 наурызынан быстап аяқ киімнің қалдықтары үшін таңбалау кодтарын тегін басып шығару науқаны басталады. Бір реттік науқан «Қазақтелеком» АҚ Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторымен қолға алынып отыр. Оны өткізу туралы шешім кәсіпкерлердің өтініштері бойынша қабылданды. Науқан шағын бизнеске қолдау ретінде ұйымдастырылып отыр. Қатысу үшін өтінімдер 2022 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады. Осылайша, кәсіпкерлерде науқан аясында таңбалау кодтарын тегін эмиссиялау және басып шығару мүмкіндігі пайда болады. Толық нұсқаулық https://www.ismet.kz/content/ocp/kk/experiments/sbor-zayavok-ostatki-obuvi-kaz.html?wcmmode=disabled сілтемесі бойынша қолжетімді. Науқан...
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі ТРАСЕКА Бас хатшысымен кездесті
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев ТРАСЕКА Бас хатшысы Әсет Асавбаевпен кездесу өткізді. Аталған кездесуде еліміздің транзиттік тасымалдар мен инфрақұрылымды дамыту барысындағы күш-жігері ерекше атап өтілді. Екі тарап ТРАСЕКА шеңберіндегі қызмет транзиттің одан әрі дамуына әсер ететініне сенім білдірді. Жиынға қатысушылар ТРАСЕКА-ның Тұрақты Хатшылығы Үкіметаралық комиссиясының 2021 жылғы...