ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі ТРАСЕКА Бас хатшысымен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев ТРАСЕКА Бас хатшысы Әсет Асавбаевпен кездесу өткізді.

Аталған кездесуде еліміздің транзиттік тасымалдар мен инфрақұрылымды дамыту барысындағы күш-жігері ерекше атап өтілді. Екі тарап ТРАСЕКА шеңберіндегі қызмет транзиттің одан әрі дамуына әсер ететініне сенім білдірді.

Жиынға қатысушылар ТРАСЕКА-ның Тұрақты Хатшылығы Үкіметаралық комиссиясының 2021 жылғы жұмысын қорытындылап, Каспий теңізіндегі тасымалдауды дамыту және цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі пилоттық жобаларды талқылады.

Кездесуді қорытындылаған вице-министр Берік Камалиев ТРАСЕКА-ның транзитті ұлғайту әрі ынтымақтастықты нығайтуға қатысты бастамаларына жоғары баға берді.

Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған