Инженерлік инфрақұрылымды толыққанды цифрландыру жүргізілуде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктермен бірлесіп өңірлердің инженерлік инфрақұрылымы туралы деректерді цифрландыру және толтыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл іс-шара «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылуда. Атап айтқанда, 2024 жылға дейін еліміздегі ірі елдімекендердің инженерлік инфрақұрылымын толыққанды цифрландыру...
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК қазақстандықтарды астана күнімен құттықтайды!
Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның жарқын жетістіктерін айшықтайды. Бірегей құрылымдардың, қала құрылысының заманауи технологияларының арқасында елорда бүкіл әлемге танымал. Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке тілейміз! Аспанымыз әрдайым ашық болсын! Құрметпен, «Мемқалақұрылыскадастры» РМК
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК және М.В. Ломоносов атындағы ММУ: аумақтық жоспарлау тәжірибесімен алмасу
27 маусым күні «Мемқалақұрылыскадастры» РМК «Қазақстанның аумақтық дамуы» атты ғылыми-практикалық семинар өткізді. М.В. Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу қаласы, Ресей) география факультетінің оқытушылары мен студенттері жазғы студенттік практика шеңберінде аумақтық жоспарлаудың қазақстандық тәжірибесімен танысты. «Мемқалақұрылыскадастры» РМК қызметкерлері Қазақстанның аумақтық жоспарлау жұмыстарының циклін әзірлеу және қала құрылысы стратегиясын қалыптастыру тәжірибелерімен бөлісті: «Қазақстан...
Өңірлердегі инфрақұрылымдық объектілерді цифрландыру: Ақтөбе қаласы
2018 жылдан бастап Ақтөбе қаласының ауданы 14,9 мың га құрылыс салынған аумағында жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 6,2 мың га алаңдағы инфрақұрылымдық объектілер түгенделіп, қала құрылысы кадастрының базасына енгізілді. Ағымдағы жылы қаланың солтүстік-батыс бөлігі мен «Батыс-2» шағын ауданының жалпы ауданы 3,7 мың га жерасты және жерүсті...
Еуразиялық инновациялық форумда ірі қалаларды салу мәселелері талқыланды
2022 жылғы 15-17 маусымда Алматы қаласында Ресейдің Құрылыс министрлігі ОҒЗЖИ және SATBAYEV UNIVERSITY ұйымдастырған «Ірі қалалар қауіпсіздігі мен құрылысының өзекті мәселелері» атты Еуразиялық инновациялық форум өттіп жатыр. Форумның миссиясы – халықтың тыныс-тіршілігінің қолайлы және қауіпсіз ортасын қалыптастыру үшін ірі қалалардың құрылысын жетілдіру мәселелерін талқылау болып табылады. Форумның бірінші күніне...