МҚК БИДГ жүйесінің негізінде Қосшы қаласында СЖТ және техникалық шарттарды беру бойынша пилоттық жоба

Құрметті тұрғындар!

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Мемқалақұрылыскадастры» республикалық мемлекеттік кәсіпорны пилоттық жоба шеңберінде Қосшы қаласында тестілік режимде Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай инфрақұрылымдық деректер геопорталы https://kosshy.aqyldyqyzmet.kz арқылы қызметтер көрсетуді жүзеге асыратынын хабарлаймыз.

on-line режимде геопорталда мына қызметтерді алуға болады: 

1) құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

2) электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар алу;

3) жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттар алу;

4) сумен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар алу;

5) су бұру желілеріне қосылуға техникалық шарттар алу.

Қызметтерді көрсету жөніндегі нұсқаулықтарды алу және техникалық қолдау үшін «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның келесі қызметкерлеріне жүгініңіз: Акманбетов Еркебулан +7 702 623 22 86; Оспанов Алпамыс +7 707 145 29 29.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған