Ақмола облысы елді мекендерінің инженерлік коммуникацияларын цифрландыру

Ақмола облысының елді мекендерінің құрылыс салынған аумағында инженерлік желілер мен объектілерді цифрландыру жалғасуда. Жұмыс барысы туралы толығырақ облыстық «Акмолинская правда» газетінің сайтынан оқи аласыздар. https://apgazeta.kz/2022/10/06/oczifrovka-inzhenernyh-kommunikaczij-naselennyh-punktov-akmolinskoj-oblasti/

Қазақстанда бірыңғай Мемлекеттік қала құрылысы кадастры енгізіледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын енгізу мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың хабарлауынша, автоматтандырылған жүйе цифрлық бас жоспарларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы, инженерлік инфрақұрылым, көше-жол желісі, сондай-ақ абаттандыру туралы деректерді жинауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді. Қала...

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру

Ағымдағы жылы облыс орталығының солтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде, Екібастұз, Ақсу қалаларында, Көктөбе, Шарбақты, Железинка ауылдарында ауданы 4,7 мың га инфрақұрылымдық объектілерді түгендеу және цифрландыру жүргізілуде. Жұмыс барысы туралы толығырақ Павлодар облысының «Сарыарқа Самалы» газетінің сайтынан оқи аласыздар - https://saryarka-samaly.kz/zhaniliktar/pavlodar-oblysyny-infra-rylymdy-obektilerin-tsifrlandyru/.

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК өңірлік филиалдарының қызмет көрсетуі туралы

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК өңірлік филиалдары заңды және жеке тұлғаларға келесі кадастрлық қызметтерді ұсынады: құрылыс салынған аумақтағы инженерлік коммуникацияларды түгендеу; аумақтың кадастрлық жоспарын дайындау; мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер беру; мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (МҚК ААЖ) базасына мәліметтер енгізу. Филиалдық желіні дамыту өңірлерде халыққа және бизнеске қызметтер көрсету үшін...

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК өңірлік филиалдарының жұмысы туралы

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК және оның филиалдары 16 өңірде: Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу, Түркістан, Қостанай, Атырау облыстарында, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында жұмыс істейді. Филиалдар түгендеу жұмыстарымен қатар заңды және жеке тұлғаларға кадастрлық қызметтер көрсетеді. 2016 жылдан бастап «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның өңірлік филиалдары 33...