Үздік жаңа жылдық кабинет безендірілуі

Жаңа жыл қарсаңында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-да үздік жаңа жылдық кабинет безендірілуіне байқау өтті. Қатысушылар байқауға аса жауапкершілікпен қарап, нағыз жаңа жылдық атмосфераны қалыптастырды. Кабинеттер сиқырлы ертегі әлеміне айналды.

         Әр кабинет тек дәстүрлі жаңа жылдық безендірулермен әсемделіп қана қоймай, белгілі бір тақырып бойынша көркемделді: «Пошташы-аққала» №402 пошта бөлімшесі», «Қала құрылысы кадастры Hogwarts-ы», «Карнавал түні», «Гринч – Рождествоны ұрлаушы» және т.б.

         Кабинеттердің қызметкерлері қазылар алқасын бірегейлігімен, креативтілігімен және hand-made әшекейлерімен таң қалдыруға тырысты.

Қазылар алқасының алдында кабинеттердің өзіндік ерекшелігін, композициясын, бір стильде ұстамдылығын, ертегі мотивтерінің болуын, жұмыстың ауқымдылығын бағалауға бағытталған күрделі таңдау тұрды.

Байқау ұжымды біріктіріп барлығына жағымды эмоциялар сыйлады.

Байқау нәтижелері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын: ЦАҚБ Ақпараттық технологиялар бөлімі;

ҚҚКБ Жоспарлық-картографиялық негізді цифрлау бөлімі;

2 орын: ҚҚКБ Мониторинг бөлімі;

ЦАҚБ Геоақпараттық жүйелер бөлімі;

ЦАҚБ Ақпараттық қауіпсіздік секторы;

3 орын: АЖБ Қала құрылысын жоспарлау бөлімі;

ӘБ Қызметкерлерді басқару және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі;   

ӘБ Қаржы-экономикалық бөлім;

Бас директордың қабылдау бөлмесі.

         Ынталандыру сыйлықтарын Әкімшілік-шаруашылық бөлімі, Аумақтық жоспарлау басқармасының Экология және табиғи ресурстар және Инфрақұрылымдық даму бөлімдері алды.

         Байқаудың жеңімпаздары мен барлық қатысушыларын құттықтаймыз.

         Баршаңызға денсаулық, бақыт және жұмыста табыс тілейміз!

«Пошташы аққала» №402 пошта бөлімшесі)
«Қала құрылысы кадастры Hogwarts-ы»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған