«Мемқалақұрылыскадастры» РМК өкілдері «Хабар» телеарнасының «Біздің мақсат» ток-шоуына қатысты

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК өкілдері 2023 жылғы 2 мамырда «Хабар» телеарнасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Базарбектің, Қазақстан Құрылысшылар одағы, Астана қаласы әкімдігі, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «Біздің мақсат» ток-шоуына қатысты. Эфирде заңсыз құрылыс, жосықсыз құрылыс компаниялары, алданған үлескерлер, мемлекеттік қала құрылысы кадастрын енгізу мәселелері талқыланды. Толығырақ мына сілтеме...

Тұрғын үй, әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым қажеттілігінің болжамы аумақтарда құрылыс салу жоспарларымен өзара байланыста жүзеге асырылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде тұрғын үй, әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым қажеттілігінің болжамын аумақта құрылыс салу жоспарларымен өзара байланыста өзектілендіру жұмыстары жүргізілуде. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп құрылыс салу эскиздері, инженерлік желілер жоспарлары, халықтың ағымдағы және перспективалы саны, тұрғын үй мен әлеуметтік объектілерді (білім беру және денсаулық сақтау...

Үздік жаңа жылдық кабинет безендірілуі

Жаңа жыл қарсаңында «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-да үздік жаңа жылдық кабинет безендірілуіне байқау өтті. Қатысушылар байқауға аса жауапкершілікпен қарап, нағыз жаңа жылдық атмосфераны қалыптастырды. Кабинеттер сиқырлы ертегі әлеміне айналды.          Әр кабинет тек дәстүрлі жаңа жылдық безендірулермен әсемделіп қана қоймай, белгілі бір тақырып бойынша көркемделді: «Пошташы-аққала» №402 пошта бөлімшесі», «Қала құрылысы кадастры...

Қарағанды облысының елді мекендерінің инженерлік коммуникацияларын цифрландыру

Қарағанды облысының елді мекендерінің құрылыс салынған аумағында республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен инженерлік желілер мен объектілерді цифрландыру жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларының құрылыс салынған аумақтарында  11,7 мың га (42,3%) цифрландырылды.    Жұмыс барысы туралы толығырақ облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің сайтынан оқи аласыздар (№144 (22982), сейсенбі, 27...

Павлодар облысының инженерлік инфрақұрылымын цифрландыру

Павлодар облысында мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін қалыптастыру үшін инженерлік инфрақұрылымды цифрландыру жүргізіліп жатыр. Осы бағытта «Мемқалақұрылыскадастры» РМК және оның өңірлік филиалдары мақсатты жұмыс жүргізуде. 2022 жылы республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен Павлодар облысы бойынша қала құрылысы кадастры деректерін цифрландыру деңгейі 72%-ды құрады. 📌Жұмыс барысы туралы толығырақ облыстық «Звезда...