Өңірлердегі инфрақұрылымдық объектілерді цифрландыру: Қарағанды қаласы

Ағымдағы жылы Қарағанды қаласының құрылыс салынған аумағында қаланың оңтүстік-шығыс, Күнгей, Михайловка және орталық бөлігі аудандарында алаңы 1,8 мың га жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жүргізілуде. Барлығы 2021 жылдан бастап 5,5 мың га алаңда Сұрыптау, Узенка, Үлкен Михайловка, Пришахтинск, Майқұдық аудандарының инфрақұрылымдық объектілері цифрландырылды және қала құрылысы кадастры базасына енгізілді.

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтайды!

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтайды! Биыл мемлекеттік рәміздерге 30 жыл толғалы отыр. Мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Ту, Әнұранды - Тәуелсіздігіміздің басты құндылығының көрінісі, бейбітшілік пен татулықтың, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі ретінде қастерлейміз. Осы мерекелік күні бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілей отырып, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы туы көкте...

Қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттары әзірленді – ҚР ИИДМ

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті халықтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттарын әзірледі.  Аталған шара қолайлы әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыру мен құрылыс салу барысында жаңа тәсілдерді дамыту, қала құрылысы регламенттерін сақтау, сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық және инфрақұрылымдық проблемаларды болдырмау мақсатында туындап...

Қала құрылысы жобаларының бірыңғай цифрлық сыныптауышы

Қала құрылысы кадастырының базасында құрылысы жоспарланған объектілердің қала құрылысы регламенттеріне сәйкестігіне автоматтандырылған мониторинг жүргізу және салыстыру үшін бас жоспарлардың (БЖ) және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының (ЕТЖЖ) бірыңғай цифрлық сыныптауышы қалыптастырылып жатыр. Қазіргі уақытта қала құрылысы кадастры жүйесінде ірі елді мекендердің (аудан орталығы деңгейіне дейін) БЖ 94% және ЕТЖЖ 96% бірыңғай форматта...

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК М.В. Ломоносов атындағы ММУ ҚФ бос орындары жәрмеңкесіне қатысты

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК 20 мамыр күні М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының Бос орындары жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкенің мақсаты – университет түлектеріне жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.  Бос орындар жәрмеңкесіне, сондай-ақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Экономикалық зерттеулер институтының, География институтының, экология және табиғатты пайдалану саласындағы ұйымдардың өкілдері қатысты. Студенттерге кәсіпорынның қызметі туралы презентациялық материалдар...