2023 жылғы 27 желтоқсанда ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша өңірлік филиалдармен «Мемқалақұрылыскадастры» РМК алқасының отырысы өтті.
Алқа жұмысын бас директор Т.Т. Мусабаев ашып, кәсіпорынның және оның өңірлік филиалдарының ағымдағы және атқарылған жұмыстары туралы айтып өтті.
Бас директордың орынбасарлары кадастрлық қызмет көрсетудің жетекшілік ететін мәселелері, ЖАО мен ТМС-тың МҚҚК ААЖ-ды елді мекендерінің кезекші жоспарының цифрлық деректерімен толтыруы, инженерлік инфрақұрылымды түгендеу және кадастрдың цифрлық жоспарлы-картографиялық негізін қалыптастыру бойынша түсініктемелер берді.
Алқа отырысы барысында өңірлік филиалдардың мәселелері талқыланып, өткен жылдың қорытындысы шығарылды.