«Мемқалақұрылыскадастры» РМК Жеңіс күнімен құттықтайды!

Жеңіс күні үрейлі соғыс жылдарын басынан өткерген ата-бабаларымыздың батырлығы мен қайсарлығының жарқын символы болып табылады. Олардың ерлігі, табандылығы мен патриоттылығы арқасында біз бейбіт өмір сүріп, жарқын болашағымызды жасаймыз. Біздің қасиетті парызымыз – сол сұрапыл соғыстың зардабын үмытпай, аға буынның теңдессіз ерлігін қастерлеу. Баршаңызға денсаулық, рух сергектігі мен ел амандығын тілейміз....