ҚР ИИДМ: Ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі интерактивті картаға жаңа функциялар енгізілді

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі интерактивті картаға өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, картаға азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (Е-өтініш) арқылы халықпен кері байланыс орнатуға арналған жаңа функциялар қосылды. Естеріңізге сала кетейік, ауылдарды сумен қамтамасыз ету деңгейін мониторингілеу үшін Министрлікпен тұрғындарға қолжетімді интерактивті карта әзірленген...