Кешенді қала құрылысының жаңа стандарттары енгізіледі

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, кешенді қала құрылысының жаңа стандарттары енгізілетін болады. Стандарт бос учаскелерде жаңа құрылыс кешендерін салу, бар құрылысты қайта құру және қала аумағын абаттандыру мәселелерін қамтиды. Құрылыс үрдісі тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығы сияқты қағидаларды ескере отырып, жүзеге асырылатын болады. Бас және егжей-тегжейлі жоспарларды сапалы әзірлеуді, сонымен бірге оларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін...