Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі интерактивті картаға өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, картаға азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (Е-өтініш) арқылы халықпен кері байланыс орнатуға арналған жаңа функциялар қосылды. Естеріңізге сала кетейік, ауылдарды сумен қамтамасыз ету деңгейін мониторингілеу үшін Министрлікпен тұрғындарға қолжетімді интерактивті карта әзірленген...