Өңірлердегі инфрақұрылымдық объектілерді цифрландыру: Түркістан облысы

2018 жылдан бастап Түркістан облысының құрылыс салынған аумағында ауданы 30,8 мың га жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жүргізілуде.

Бүгінгі күні Арыс, Леңгір қалаларының, Темірлан, Шаян ауылдарының 11,5 мың га алаңдағы инфрақұрылымдық объектілері түгенделіп, қала құрылысы кадастрының қорына енгізілді.

Ағымдағы жылы Жетісай, Арыс, Леңгір, Мырзакент, Шәуілдір елді мекендерінің жалпы ауданы 1,6 мың га инженерлік коммуникацияларын түгендеу жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған