ҚР ИИДМ-де құрылыс саласы қызметкерлеріне ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табыс етілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев құрылыс саласы қызметкерлерін құттықтап, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімовке, «Бекуб» ЖШС директоры Құралтай Ақылтаевқа, «Мемсараптама» РМК өндірістік бөлімінің бастығы Рустем Башировқа, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы Жанболат Ғұсмановқа, «Мемқалакадастры» РМК басқарма басшысы Салтанат Заманбековаға, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы Гүлдар Келесбаева, Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы Несібелді Нүсіпбековаға, сондай-ақ сынақ зертханасының, «BAZIS Constraction» ЖШС, «Био Мех» ЖШС, «Water Sale» ЖШС қызметкерлеріне табыс етті.

Дереккөз: ҚР ИИДМ сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған