ҚР ИИДМ вице-министріне қала құрылысы кадастрының инфрақұрылымдық деректерінің Бірыңғай геопорталы таныстырылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев «Мемқалақұрылыскадастры» РМК қызметінің және қала құрылысы кадастрының инфрақұрылымдық деректерінің Бірыңғай геопорталын енгізу нәтижелерімен танысты.

Геопортал жерасты және жерүсті коммуникацияларының цифрлық деректерінің, оның ішінде бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының 63,7% – ын қамтиды.

Геопорталдың жұмыс істеуі инфрақұрылымдық деректерді үздіксіз өзектендіруді және аумақтарда құрылыс салу кезінде жаңа объектілер құрудың «цифрлық ізін» тіркеуді қамтамасыз етеді. 

Жиналыс қорытындысы бойынша Вице-министр өңірлік порталдармен интеграциялық жұмыс жөніде, қала құрылысы кадастры қызметтерін автоматтандыруды дамыту бойынша тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған