ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев «Мемқалақұрылыскадастры» РМК қызметінің және қала құрылысы кадастрының инфрақұрылымдық деректерінің Бірыңғай геопорталын енгізу нәтижелерімен танысты.
Геопортал жерасты және жерүсті коммуникацияларының цифрлық деректерінің, оның ішінде бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының 63,7% – ын қамтиды.
Геопорталдың жұмыс істеуі инфрақұрылымдық деректерді үздіксіз өзектендіруді және аумақтарда құрылыс салу кезінде жаңа объектілер құрудың «цифрлық ізін» тіркеуді қамтамасыз етеді.
Жиналыс қорытындысы бойынша Вице-министр өңірлік порталдармен интеграциялық жұмыс жөніде, қала құрылысы кадастры қызметтерін автоматтандыруды дамыту бойынша тапсырмалар берді.