Қала құрылысы кадастрын цифрландыру

Қазақстанда «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-нің жалпы цифрлық деректер қорының қалыптасуы жалғастырылып жатыр.

Облыс орталықтарының құрылыс салынған 37 мың га аумағын
2018 жылдан бастап түгендеу арқылы құрылыс объектілері, жерасты және жерүсті инженерлік коммуникациялар бойынша деректер қала құрылысы кадастрының бірыңғай автоматтандырылған жүйесіне енгізілді.

2020 жылы қала құрылысы кадастры базасына жергілікті атқарушы органдардан берілген облыс орталықтарының бас жоспарларының 100%-ы және аудан орталықтарының 25%-ы, сондай-ақ елді мекендерді егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларының 27%-ы цифрландырылды және енгізілді.

Республикалық маңызы бар 2 қаланың (Нұр-Сұлтан, Алматы), облыстық маңызы бар 10 қаланың (Орал, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Ақтау, Түркістан, Өскемен, Рудный, Семей, Риддер), аудандық маңызы бар 5 қаланың (Серебрянск, Аягөз, Зайсан, Алтай, Шемонаиха), сондай-ақ Алматы, Атырау облыстарының барлық аудан орталықтарының деректер қоры цифрландырылды және қала құрылысы кадастрының бірыңғай құрылымына келтірілді.

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК жылжымайтын мүліктің барлық объектілері, жерүсті және жерасты коммуникациялары туралы ақпаратты жинаудың, өңдеудің, тіркеудің, сақтаудың және ұсынудың бірыңғай жүйесін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда қала құрылысы кадастрының деректер базасында елдің құрылыс салынған аумағының цифрлық мәліметтерінің шамамен 48%-ы қамтылған. Жергілікті атқарушы органдардан деректердің қосымша 10% алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Қала құрылысы кадастрының деректер базасының жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың, халық пен бизнестің өзекті және сенімді ақпаратқа қолжетімділігін, жобалау және құрылыс процесінің ашықтығын, бюджет қаражатын игерудің тиімділігін және бақылануын қамтамасыз етеді», – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға дейін 172 елді мекеннің құрылыс салынған аумағын түгендеу жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған