Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде тұрғын үй, әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым қажеттілігінің болжамын аумақта құрылыс салу жоспарларымен өзара байланыста өзектілендіру жұмыстары жүргізілуде.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп құрылыс салу эскиздері, инженерлік желілер жоспарлары, халықтың ағымдағы және перспективалы саны, тұрғын үй мен әлеуметтік объектілерді (білім беру және денсаулық сақтау объектілерін) жоспарланып отырған іске қосу негізінде 2025 жылға дейінгі жобаланып отырған тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік инфрақұрылымға (электр станцияларын, жылу электр орталықтарын, су жинағыштарды салу, электр, жылу желілерінің, сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау желілерінің ұзындығы, сорғы станцияларының, кәріздік-тазартау құрылыстарының саны) болжамды қажеттілікті айқындады.
Қазіргі уақытта болжамды көрсеткіштерді қала құрылысы жобаларын одан әрі түзете отырып және оларды қала құрылысы кадастры жүйесіне енгізумен аумақта құрылыс салу жоспарларымен өзара байланыстыру жүргізілуде.