Құрметті тұрғындар!
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Мемқалақұрылыскадастры» республикалық мемлекеттік кәсіпорны пилоттық жоба шеңберінде Қосшы қаласында тестілік режимде Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай инфрақұрылымдық деректер геопорталы https://kosshy.aqyldyqyzmet.kz арқылы қызметтер көрсетуді жүзеге асыратынын хабарлаймыз.
on-line режимде геопорталда мына қызметтерді алуға болады:
1) құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
2) электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар алу;
3) жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттар алу;
4) сумен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар алу;
5) су бұру желілеріне қосылуға техникалық шарттар алу.
Қызметтерді көрсету жөніндегі нұсқаулықтарды алу және техникалық қолдау үшін «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның келесі қызметкерлеріне жүгініңіз: Акманбетов Еркебулан +7 702 623 22 86; Оспанов Алпамыс +7 707 145 29 29.