«Мемқалақұрылыскадастры» РМК Құрылысшылар күніне орай тимбилдинг өткізді

Өткен демалыс күндері «Мемқалақұрылыскадастры» РМК қызметкерлері «Тәні саудың – жаны сау» атты ұранмен Құрылысшылар күніне орай таза ауада тимбилдинг өткізді.

Бұлтты ауа-райы мен жаңбырға қарамастан, ұжымның көңіл-күйі көтеріңкі болды. Байқау мен ойындардағы белсенді жарыстар ұжымға жағымды эмоциялар, әсерлер мен жақсы көңіл-күй сыйлап, сонымен бірге әрбір қызметкердің командалық рухын нығайтты.           

Бұл іс-шара ұжымда ұйымшылдықты, сенім мен достықты күшейтетін кәсіпорынның дәстүріне айналды.    

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған