«Мемқалақұрылыскадастры» РМК қызметкерлері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқыту семинарына қатысты

2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған квазимемлекеттік сектордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті.

 

Екі күндік оқытуға квазимемлекеттік сектордың комплаенс-қызметтерінің басшылары мен мамандары қатысты. Оқыту семинары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, сонымен қатар онлайн форматта өтті. Аталған оқытуда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет басшылары (С.К. Ахметжанов, А.Т. Карипова, С.С. Аяганова), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры (Е.Қ. Әбіл), «Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс қызметінің басшысы (А.А. Дарменов), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ комплаенс қызметінің басшысы және т. б. спикерлер болды.   

 

Семинарда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Спикерлер өз сөздерінде семинарға қатысушылармен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібімен, ҚР заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуымен және мүдделер қақтығысын реттеумен, ұйымда қызметтік тексеру жүргізу тәртібімен бөлісті.

Семинарда СТ ISO 37001-2017: «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі. Пайдалану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық» стандартын енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар талқыланды, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу мәселелері қаралды, комплаенс бағдарламасын құру бойынша түсініктемелер берілді.

 

Бұдан басқа, СТ ISO 37001-2017 стандарты бойынша сертификаттау және енгізу, контрагенттерді кешенді тексеру, сондай-ақ сатып алу процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәселелері қаралды. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған