«Мемқалақұрылыскадастры» РМК М.В. Ломоносов атындағы ММУ ҚФ бос орындары жәрмеңкесіне қатысты

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК 20 мамыр күні М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының Бос орындары жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкенің мақсаты – университет түлектеріне жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. 

Бос орындар жәрмеңкесіне, сондай-ақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Экономикалық зерттеулер институтының, География институтының, экология және табиғатты пайдалану саласындағы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Студенттерге кәсіпорынның қызметі туралы презентациялық материалдар және бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған