«Мемқалақұрылыскадастры»
РМК ағымдағы жылдың 12-13 қазанында өткен «Qazaqstan
Project Management Awards – 2023» атты IV
ұлттық байқауының финалында квазимемлекеттік сектордың «Жылдың
үздік жобасы» номинациясы бойынша алтын жүлдеге ие болды.
«Qazaqstan Project Management Awards – 2023» жобалық басқару саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың үлесін және жетістіктерін айқындау жөніндегі ұлттық конкурс болып табылады, оларды қолдауға және өз қызметінде жобалық басқарудың тәсілдері мен құралдарын енгізуге және қолдануға ынталандыруға бағытталған.
Ағымдағы жылы конкурсқа 181 өтінім берілді. Конкурсқа қатысушылар қатарында: мемлекеттік органдар, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, квазимемлекеттік сектор және жоғары оқу орындарының өкілдері болды.
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК екінші жыл қатарынан квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары арасында «Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша үздік атанды.
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК ұжымын лайықты жеңісімен құттықтай отырып, одан әрі өркендей берсін!