Мемлекеттік монополия қызметіндегі бағаларды реттеу бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді

2023 жылғы 30 маусымда Астана қаласында «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі «Мемқалақұрылыскадастры» РМК) көрсететін мемлекеттік монополия қызметтеріне бағалар жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өтті.     

Қабылданған заңнамалық түзетулер шеңберінде (а.ж. 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң (бұдан әрі – Заң) өтініш берушілердің мүдделерін ескере отырып, қала құрылысы кадастры саласындағы жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен құны («Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» ҰЭМ-нің 2016 жылғы 29 ақпандағы №114 бұйрығы) қайта қаралды.

Қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағалар жобасы тиімдендіріліп, Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына (ҚР ҰЭМ 2016 жылғы 15 наурыздағы №134 бұйрығы) сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша шығындарды бөлек есепке алу негізінде есептелді.

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК Бас директоры Т. Мусабаев көрсетілетін қызметтерге баға жобасын таныстырды және қатысушылармен мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ағымдағы жағдайы және даму бағыттарымен бөлісті.

Жобаны талқылауға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, «Атамекен» ҰКП Бәсекелестікті дамыту және тариф белгілеу департаментінің, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшылары мен сарапшылары, «Мемқалақұрылыскадастры» РМК өңірлік филиалдарының директорлары қатысты.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған