Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларының
15-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» ШЖҚ РМК көрсететін мемлекеттік монополия қызметтеріне бағалар (Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 114 бұйрығы) жобасын талқылау бойынша 2023 жылғы 30 маусымда сағат 11:00-де жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария тыңдаулар мына мекенжай бойынша өткізіледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел, 8, 18 В кіреберіс.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 50-24-60 (305), 8-701-774-34-91.
Сайт: www.gov.kz, www.aisggk.kz
Электрондық пошта: info@nationalplan.kz, sarykova@nationalplan.kz